Лицензиялық шартты, кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын, кепіл шартын бұзу

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Лицензиялық шарт, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты, кепіл шарты тараптардың өзара келісімімен немесе мәміле жасасқан кезде шартта жазылған тармақтарға сәйкес бұзылуы мүмкін. Бұзу фактісі қосымша келісімді немесе бұзу туралы өтінішхатпен өтінішті жібергеннен кейін тіркеледі. Құжаттарға екі тараптың да келісімге қатысушылары қол қоюы тиіс. Құжаттарда тараптар шарттық міндеттемелеррдің тоқтатылған күнін жазады. Шартты бұзу туралы өтініш еркін нысанда беріледі.